Антикор Абылай Мырзахметовтың ісі бойынша мәлімдеме жасады

Сурет: primeminister.kz
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазіргі уақытта "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы А.И. Мырзахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша мемлекет кірісіне 7 млрд теңге сомасында заңсыз алынған ақшалай қаражат аударылды", делінген Антикордың 21 қыркүйекте таратқан хабарламасында.

Жалпы, 2024 жылдың басынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені өтеді.

"Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды. Осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда және Агенттіктің ерекше бақылауында", делінеді хабарламада.

Айта кетсек, Абылай Мырзахметов 2022 жылы ақпанда "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының өкілеттігінен өз бетімен бас тартты. Бұл туралы ол Ұлттық палатаның IX кезектен тыс съезінде өз атына келіп түскен сынмен келісе отырып мәлімдеді. 2023 жылы 10 мамырда "Атамекен" ҰКП экс-басшысы ірі пара алғаны үшін ұсталды. 13 мамырда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Атамекен" ҰКП-ның бұрынғы басшысы Абай Мырзахметовті аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды