Қазақстанда форвардтық сатып алуды қолдана отырып әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізбесі кеңейтіледі

Ауыл шаруашылығы министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін сатып алуға форвардтық сатып алуды қолдана отырып рұқсат етілген әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізбесі кеңейтілді.

Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру шеңберінде көкөніс өнімдерін және тауық жұмыртқаларын (I санатты) өндіру үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, сондай-ақ қарақұмық жармасын (дәні), тазартылған (домалақ дәнді) күрішті, күнбағыс майын, бірінші сортты бидай ұнын және ақ қантты – құмшекерді, жұмсақ қаптамадағы майлылығы 2,5% пастерленген сүтті, жұмсақ қаптамадағы майлылығы 2,5% айранды, сары майды (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштарсыз және өсімдік майларынсыз), майлылығы 5-9% сүзбені, бірінші сортты ұннан жасалған бидай нанын (пішінді), тауық етін (сан сүйегі және жіліктік сүйекті ет), сиыр етін (сүйекті жауырын-төс бөлігі), макарон түтікшелерді (өлшеніп салынған), аc тұзын ("Экстра"-дан басқа) өндіру үшін қайта өңдеуші кәсіпорындарды қаржыландыру бекітілген бағаны белгілей отырып, форвардты және қарызды қолданумен жүзеге асырылады.

Аталмыш өнімдерді өндіру үшін өңдеуші кәсіпорындарын форвардтық қаржыландыру форвардтық шарттың жалпы сомасының 70 (жетпіс) пайызынан аспайтын мөлшерде алдын ала төлем және өнім жеткізілгеннен кейін түпкілікті есеп айырысу шарттарында жүзеге асырылады. 

Форвардтық шарттар шеңберінде және берілген қарыздар бойынша сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының, оның ішінде көкөніс өнімінің көлемі Комиссия шешіміне сәйкес өңірлік сұраныс негізінде облыс (қалалық немесе жалпы), республикалық маңызы бар қала, астана халқының үш айлық қажеттілігінің 50 пайызына дейін қалыптастырылады.

Құжат 8 қазанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: