Бүгіннен бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Сурет: Zakon.kz
2 қазаннан бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. Республикалық референдумның өткізілуі кезеңінде ІІМ құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік органдармен бірлесіп, дауыс беруге арналған учаскелерге комиссиялық тексерулер жүргізілетін болады. Олардың техникалық сипаттарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, терроризмге қарсы қорғалуы қаралады.

Полиция қызметкерлері дауыс беру бюллетеньдері жеткізілген сәттен бастап учаскелер маңында қызмет атқаратын болады.

Сондай-ақ полицейлер дауыс беру құжаттамасын жеткізуді сүйемелдейді. Ел бойынша қоғамдық тәртіпті 33 мыңға жуық қызметкер қамтамасыз ететін болады, оның 18 мыңы сайлау учаскелерінде.

Ішкі істер органдары дауыс берудің дұрыс және тыныш жағдайда өтуі үшін барлық шараларды қабылдайды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды