Алматыда жол апатына түрткі көлік тізгініндегі бойжеткен ауруханадан бір-ақ шықты

Сурет: Zakon.kz
2 қазанда Алматыда Қабылов пен Бейімбетов көшелерінің қиылысында жол апаты болды. Салдарынан бір бойжеткен зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mercedes-Benz маркалы автокөлік Қабылова көшесінің бойымен солтүстік бағытта жүріп келе жатқан. Жол қиылысына келгенде оның алдынан күтпеген жерден Toyota RAV4 маркалы көлік атып шығады.

Сурет: Zakon.kz

Toyota тізгініндегі бойжеткен Бейімбетов көшесімен келе жатып, жол қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, қарсы жатқан көшені кесіп өтпек болған. Mercedes-Benz-тің жүргізушісі соқтығысуды болдырмау үшін барынша әрекеттенген, бірақ онысынан түк шықпады.

Сурет: Zakon.kz

Салдарынан Mercedes-Benz Toyota-ны бір бүйіріне қарата капотына салып алып, бірнеше метрге сүйрей, ақыры электр бағанына апарып "жапсырған". Жол апаты салдарынан Toyota тізгініндегі бойжеткен зардап шекті. Ол ауруханаға түсті.

Оқиға орнында жол полицейлері жұмыс істеп жатыр.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды