Өңірлік ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қазанда сағат 19.00 шамасында Липецкая көшесінде қоғамдық көліктің жүргізушісі көктайғақ салдарынан 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.
"Жәбірленуші азамат ауруханаға жеткізіліп, алған дене жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды", делінген полиция хабарламасында.
Сондай-ақ Шахтинск және Теміртау қалаларында болған жол-көлік оқиғаларынан екі адам ауруханаға жеткізілді. Тәулік ішінде тіркелген қалған 19 жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер жоқ.
Қарағанды облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жолдың тайғақ кезінде жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Өткен түнде елордада 140-тан астам жол апаты болып, 12 адам зардап шеккен болатын.