Шымкентте ер адам жасөспірімнің жүрек тұсына пышақ сілтеген

Сурет: pexels
Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған баланы өлтіруге оқталу бабымен қозғалған қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта 2024 жылдың 29 маусымында сотталушы алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде болып, өзара бас араздық салдарынан 2010 жылы туылған  кәмелетке толмаған жәбірленушінің жүрек тұсы аймағына пышақ сұғып, оның денсаулығына ауыр зиян келтіргені анықталды. Содан кейін ол оның мойын тұсына екінші рет пышақ сілтемекші болғанда, сол маңдағы адамдар оған кедергі келтірген.

Сотта прокурор сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілі сотталушыны кешіріп, жазаны жеңілдетуді сұрады.


"Сотталушының жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде, жасаған қылмысына өкінуін, асырауында жасөсіпірм балаларының болуы, жәбірленушінің кешірім бергені, моральдық және материалды зиянды өтеуі танылған, ал ауырлататын мән-жай ретінде қылмысты алкогольді масаң күйде жасағаны танылған", делінген сот хабарламасында.

Сот сотталушыны ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды