Тұрлыханов өзінің ұлы жайлы: Менің ұлым жақсы. Ол достарымен бірге туған күн кешіне бара алмайды ма

Сурет: olympic.kz
ҚР Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыханов өзінің ұлы Нұрасыл Болаттың іс-әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

16 қазанда Мәжіліс кулуарында Дәулет Тұрлыханов ұлымен тәртіп бұзбау жөніндегі тәрбиелік әңгімеден кейін, оның туған күн кешіне барғанын айтты.

"Қай әке баласының жаман болғанын қалайды. Қазір ол 21 жаста, аяқ-асты ауырып, депрессияға түсіп кетуі мүмкін, бұл үшін кім жауап береді? Менің ұлым жақсы, енді оған достарымен бірге туған күн кешіне баруға болмайды ма?",- деді Тұрлыханов.

Сондай-ақ, ол бір мандатты тізім бойынша депутат болып сайланғанын еске салды және тек сайлаушылар ғана оны орнынан алып немесе қалдыратынын айтты.

"Мен өзіме жүктелген міндеттерді абыроймен орындаймын, әріптестерімнің менің жұмысыма қатысты шағымдары жоқ. Мен лайықты еңбек етемін. Кейбіреулер оның тұтқындалу керек екендігін айтады. Ол небәрі 21 жаста, өмірдің не екендігін білмейді. Оны не үшін тұтқындау керек. Кешке достарымен бірге отырғаны үшін бе, ол ішпеген де ішпейді де. Қазір ол қатты қысымға ұшырауда. Түнімен ұйықтай алмайды, оның денсаулығы алаңдатқаны сонша, мен тіпті дауыс көтеруді де қойдым", – деп атап өтті депутат.

Бұған дейін Нұрасыл Болаттың бас бостандығын шектейтін жазаға мән бермей, түнде көңіл көтергені туралы видеолар жарияланды. Кадрларға қарағанда, ол мейрамханада досының 18 жасын тойлап жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты