Ақмола облысында ірі есірткі зертханасының көзі жойылды

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті Ерементау ауданындағы прокуратура органдары үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі затының кезекті партиясын дайындап жатқан кезінде ұсталып, соттың санкциясымен Қазақстан азаматы қамауға алынды.


"7 келіге жуық "мефедрон" психотропты заты, 100 литрден астам прекурсор, сондай-ақ синтетика жасауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленді", делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады