Қазақстанда бюджетті атқару ережелеріне өзгерістер енгізілді

Қаржы министрі 2024 жылғы 16 қазандағы бұйрықпен бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, жаңа редакцияда қолма-қол ақшаны бақылау шоттары туралы жазылған.

Шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының әрбiр коды бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге шығыстардың экономикалық сыныптамасының мынадай ерекшелiктерi бойынша жол берiледi:

Қолма-қол ақшаның тиiстi бақылау шоттарында төлеуге берiлетiн шоттарды орындау үшiн ақша болмаған не жеткiлiксiз болған жағдайларды қоспағанда, жергілікті уақытпен сағат 16.00-ге дейін түскен қағаз тасығыштағы төлеуге берiлетiн шот орындалады не орындалмай оны аумақтық қазынашылық бөлiмшесi қабылдаған күннен кейiнгi күннен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде қайтарылады.

Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекемелерден сағат 16.00-ден кейін қағаз тасығышта түскен төлеуге берілетін шоттар келесі жұмыс күні түскен болып саналады.

"Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша түскен төлеуге берілетін шот орындалады не орындалмастан келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей қайтарылады.

Қағаз тасығыштағы төлеуге берiлетiн шот және "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде түскен төлеуге берiлетiн шот:

- атауларының толық және қысқартылып көрсетілуіне байланысты алшақтықтарды қоспағанда, мемлекеттік мекеменің атауы мен ақша алушының атауы;

- төлеуге берілетін шоттың сомасы мен МТ-002, МТ-003, МТ-004, МТ-005, МТ-007 төлемдер форматтарындағы электрондық хабарламаларының жалпы сомасы;

- төлемнің мақсатында көрсетілген шығыстардың бағыты;

"Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде келіп түскен төлеуге берілетін шоттағы деректердің қабылдау және одан әрі өңдеу кезеңінде жоғарыда санамаланған талаптарға сәйкессіздігі анықталған кезде, төлеуге берілетін шот осы Ереженің тиісті тармақтарына сілтеме жасап, қабылдамау себебін көрсете отырып, электрондық түрде мемлекеттік мекемеге қайтарылады.

Қабылдау кезеңінде қағаз тасығыштағы төлеуге берілетін шотта жоғарыда санамаланған жағдайларға сәйкессіздік анықталған кезде хат ресімделместен, төлеуге берілетін шоттардың тізілімінің бірінші данасында мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының қолымен қайтару туралы белгі қойыла отырып, екінші данада – аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысының қолымен қайтарылады. Қабылданғаннан кейін тексеру барысында сәйкессіздік анықталған кезде төлеуге берілетін шот аумақтық қазынашылық бөлімшесі бастығының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қолымен жазбаша негіздеме бере отырып қайтарылады.

Бұйрық 2024 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: