Жамбыл облысының тұрғыны Tik-Tok-та видео жариялап, басы дауға қалды

Сурет: pixabay
Қордай ауданының тұрғыны ар-намыс пен қадір қасиетін қорғау, моралдық зиянды өндіру туралы талап қою арызымен сотқа жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта белгілі болғандай, 2024 жылдың маусымында жауапкер өзінің Tik-Tok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында видео жариялап, онда шындыққа жанаспайтын жалған мәліметтерді көрсеткен. Жарияланған ролик әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп, олар жағымсыз пікірлерін қалдырған.

Талап қоюшы соттан жауапкерді жалған ақпаратты теріске шығаруды міндеттеуді, моральдық зиян өтемақысы ретінде 2 млн теңге және сот шығындарын өндіруді сұрады.

Сотта жауапкер талапты мойындамай, жарияланған ақпарат оның орын алған жағдайды түсінуге ниеті мен ақпарат иесінің пікірі екендігін айтып көрсетті. Сот психиологиялық-филологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, жауапкердің іс-әрекеті ар-намыс пен қадір қасиетке нұқсан келтіреді деп танылды.


"Сот шешімімен талап ішінара қанағаттандырылып, жауапкерге 10 күн ішінде жариялаған ақпаратты теріске шығару міндеттелді, сонымен қатар сот шығындары мен моральдық зиян ретінде 20 мың теңге өндірілді".Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент: Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 150 млрд доллардан асты

Алматыда 19 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан құлап, мерт болды

Әбенов: Конституциялық реформаның маңызды бағыты – шығармашылық еркіндік, сөз бостандығы болуы тиіс

ШҚО-да жоғалған сәби аман-есен табылып, ата-анасына табысталды

Арал ауданында түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт іске қосылды