Оралда алаяқтар WhatsApp арқылы қала әкімінің атынан тапсырма берген

Сурет: gov.kz
Орал қаласының әкімі Марат Байменовтың атынан WhatsApp мессенджерінде хабарлама тарап, әкімдіктегілерді дүр еткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкім алаяқтар өзіне тиесілі емес нөмірді пайдаланып, жалған хабарламалар таратып жатқанын айтады.

"Достар, қазіргі уақытта WhatsApp мессенджерінде белгісіз тұлғалар менің атымнан кей адамдарға хабарламалар жіберуде. Бұл хабарламалардың жалған екенін мәлімдеймін. Көрсетілген нөмір маған тиесілі емес. Жіберілген хабарламаларға сенбеуіңізді және көрсетілген сілтемелер бойынша өтпеуіңізді сұраймын", деп жазды желіде әкім.

Айта кетсек, Мұрат Байменов таяуда ғана, яғни 2024 жылы 1 қазанда қала әкімі болып тағайындалған еді.

Орал
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды