Қазақстан шекарасында тіркемесіне ұшақ тиеп алған жүк көлігі ұсталды

Сурет: Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Павлодар мен Омбы облыстары шекарасында шекара қызметкерлері ерекше жүкті анықтады. МАЗ жүк көлігі тіркемесінен ұшақ табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қос мақсаттағы тауар - АН – 2Т әуе кемесін тасымалдау фактісін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп анықтады.

"Амангелді" автомобиль өткізу пунктінде (Ресей Федерациясының Омбы облысымен шекарасы) "МАЗ 54323" маркалы көлік құралын тексеру барысында құны – 1 800 000 ресей рублі, салмағы 3 тонна 600 келі болатын АН-2Т ұшағын тасымалдау фактісі анықталды. Ұшақты азамат аукционда жеке мақсаттар үшін сатып алғанын айтқан. Алайда шекарадан өту кезінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды болған жоқ (өзіндік ерекшелігі бар тауар азаматтық мақсаттарда да, әскери мақсаттарда да қолдануға жатқызылуы мүмкін)", – дейді экспорттық бақылау бөлімінің басшысы Мақсұт Қаңтарбаев.

Ұшақты қажетті рұқсат құжаттарсыз тасымалдаған азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасау бойынша материалдар толтырып, ол сотқа жіберілді.

Павлодар облысы Ертіс аудандық сотының қаулысымен аталған азамат кінәлі деп танылып, оған 55 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

 

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды