Ақтөбеде жол белгілерін салуға бөлінген ақшаны талан-таражға салған шенді ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе қаласының прокуратурасы жол белгілерін салуға бөлінген 272 млн теңгенің жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство "Ақтөбе қаласының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы" КММ директоры бюджет қаражатын жымқырғанын нақтылайды.      

Тергеу мәліметтері бойынша, директор қызметін пайдаланып мемлекеттік сатып алу шарттары негізінде 272 млн теңгеге жол белгілерін салу бойынша  іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілерін қабылдаған.         

Директордың әрекеті ҚР ҚК-тің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланып (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу), оған қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.                                 

Қазіргі таңда қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданған.        

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған