Қазақтың тазысы мен төбетінің өз мерекесі пайда болады

Фото: unsplash
Экология министрлігі Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне өзгерістер жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мерекелік күндер тізіміне қосу жоспарлануда:

"Тазы мен төбет – қазақтың байырғы ит тұқымдары, қазақ халқының мақтанышы, "Жеті қазына" бірі. Тазы адамның аң аулаудағы таптырмас көмекшісі, сонымен қатар төбет – ата-бабаларымыздың отары мен мүлкін қырағы қорғаушысы",- делінген құжатта.

Қазақ ит тұқымдары күнін белгілеу қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасына, тарихы мен дәстүрлеріне деген қызығушылықты арттыруда маңызды қадам бола алады.

Бұл күнге арналған іс-шаралар этнография мен Қазақстан мәдениетіне қызығушылық танытатын туристердің назарын аударар еді. Сонымен қатар, кинология және оған жақын салалардың дамуы жаңа жұмыс орындарын құруға және салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді, бұл экономикалық өсу мен әлеуметтік тұрақтылыққа ықпал етеді.

Қазақ ит тұқымдары күні тарихы, ерекшеліктері мен бұл тұқымдарға күтім жасауға арналған дәрістермен, семинарлармен, көрмелермен және іс-шаралармен бірге өтсе, бұл жалпы ақпараттандыру деңгейін арттырады.

Сонымен қатар, мерекенің бекітілуі қазақ ит тұқымдарын өсірушілерге, кинологиялық ұйымдарға және әуесқойларға тәжірибе алмасуға, көрмелерге, жарыстарға және басқа да іс-шараларға қатысуға көбірек мүмкіндік береді.

Осылайша, 2024 жылдың 3 қыркүйегінде Халықаралық кинологиялық федерациясы (FCI) қазақ тазысын тазының ресми тұқымы ретінде алдын ала тану туралы шешім қабылдады және Қазақстанның тазы тұқымы стандартының иесі ретіндегі мәртебесін бекітті.

Мамандар жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) өзге де құқықтық салдарға әкеп соқтырмайтындығын, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етпейтіндігін нақтылады.

Жоба 2025 жылғы 17 ақпанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты