Алматыдан Ресей шекарасына дейінгі жол учаскесі ақылы болды

Фото: Zakon.kz
ҚР Көлік министрінің м. а. 2025 жылғы 7 ақпандағы бұйрығымен Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Қостанай-Ресей Федерациясының шекарасы (Троицкке) учаскесін ақылы негізде пайдалану белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта II және III санаттағы Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы (Троицкке) 539+000 – 376+000 километр (бұдан әрі – км) (М-36) учаскесі ақылы негізде пайдаланылатыны нақтыланған. 

Жүріп өту келесі баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: «Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы «Республикалық маңызы бар автомобиль жолының» Қостанай – Рудный – Айет – Ресей Федерациясының шекарасы» аудандық маңызы бар автомобиль жолы.

Ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті –539+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті –376+000 км.

Ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 163 км.

Ақылы автомобиль жолымен жүру ақысының ставкалары белгіленді. Бір бағытта:

Сондай-ақ, жол учаскелері бойынша жол жүру тарифтері белгіленді.

Бұл ретте, жеңіл автомобильдер жол ақысынан босатылады.

Бұйрық 2025 жылғы 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды