Мемлекетаралық іздеудегі Ақтау қаласы әкімінің экс-орынбасары Өзбекстанда ұсталды

Сурет: pexels
Мемлекетаралық іздеуде жүрген Ақтау қаласы әкімінің экс-орынбасары Тимур Сәдуақасов соттан жасырынып жүрген жерінен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сәдуақасов Тимур мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде Өзбекстан Республикасының шекара қызметі тарапынан ұсталды. Оған қатысты Өзбекстан Республикасына заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды".Қаржылық мониторинг агенттігі

Қолда бар мәліметке сәйкес, қазір Сәдуақасов тергеу изоляторында. 

"Қазіргі уақытта оны Өзбекстан Республикасынан экстрадициялау мәселесі бойынша Бас прокуратурамен бірлесіп тиісті материалдар дайындалуда", деп нақтылайды құзырлы ведомство.

Айта кетсек, Сәдуақасов Т.Х.-ға алаяқтық және аса ірі көлемде пара беруге итермелеу бойынша айып тағылған. 2023 жылы шілде айында Сәдуақасов Т.Х. және "Обуховское" кен орнында заңсыз пайдалы қазбалар өндіру ісіне қатысты адвокат – Курманбаев С.Н. лауазымды тұлғалар арасындағы байланыстарын пайдалана отырып, Долгалев В.И-қа кәсіптегі серіктестеріне қарсы қылмыстық іс қозғауды ұсынған.

Алдын-ала келісім бойынша параның бірінші бөлігі ретінде 90 млн теңге алған Сәдуақасов пен Курманбаев бұл қаражатты өздері иемденіп, уәде етілген міндеттемелерін орындамаған.

Қылмыстық іс Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына қайта қарауға жолданды.

Өзбекстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді