"Қызыл" бағдаршамды жеті рет елемеген". Шымкентте полициядан қашқан жүргізуші видеоға түсіп қалды

Сурет: Zakon.kz
Шымкент қаласында түнгі патруль кезінде полиция автоэкипажы жол қозғалысы қағидаларын бұзған көлікті байқап, тоқтатпақ болды. Алайда ВАЗ-21103 автокөлігінің жүргізушісі тәртіп сақшыларының талабына бағынбай, жасырынуға тырысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, ол қауіпті маневрлер жасап, басқа жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің өміріне қатер төндірді. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне жеті рет өтіп, қарама-қарсы жолаққа шығып, бірнеше рет жол-көлік оқиғасына себеп бола жаздады.

"Полицейлердің жедел әрекетінің нәтижесінде құқық бұзушы ұсталды. Медициналық сараптама оның мас күйде болғанын растады. Азаматқа 14 әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Полиция заң бұзушылықтарға қатысты “нөлдік төзімділік” қағидаты сақталатынын еске салып, әр азаматты заң мен тәртіпті құрметтеуге шақырады.

Бұған дейін Астанада заңсыз салынған Family park тұрғын үй кешені сүріліп жатқанын хабарлағанбыз

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі