Елімізде педиатриялық көмек көрсету стандарты жаңартылды

Фото: freepik
Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 21 ақпандағы бұйрықпен Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты жаңа редакцияда жазылған.

Бұл ретте,18 жасқа толмаған балаларға педиатриялық көмек көрсетілетіндігі нақтыланды. 

Педиатриялық көмек көрсететін МҰ қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары мыналар:

 - скринингтік және профилактикалық тексерулер жүргізу;

 - вакцинация жүргізу;

 - зорлық-зомбылық пен жарақаттанудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, жүкті әйелдер мен балалардың денсаулығы мен дамуына қауіп төндіретін балалардағы әлеуметтік және медициналық тәуекелдерді уақтылы анықтай отырып, патронаждық бақылау;

 - салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

Стандарт белгілейді:

Бұдан бөлек, жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге және бес жасқа дейінгі балаларға патронаждың әмбебап схемасы бойынша тіркелген жері бойынша МСАК МҰ мамандарының патронаждық баруы жүргізіледі.

Балаларға қатысты физикалық зорлық-зомбылық фактілері анықталған кезде тиісті көлемде медициналық көмек көрсетеді және ақпарат келіп түскен күні Ішкі істер органдарына және бала құқықтарының кепілдіктерін жүзеге асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.

Педиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда балалардың қауіпсіздігі мен санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ете отырып, балалардың болуы үшін қолайлы орта (түрлі-түсті интерьер, балалар ойын аймақтары, ойыншықтар) құрылатыны көрсетіледі.

Бұл ретте емшек сүтін алмастырғыштарды жарнамалауға жол берілмейді.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары патронаждық байқаудың тиімділігін үйлестіру мен бағалауды жүзеге асыра отырып, патронаждың әмбебап прогрессивті моделі және жұмыс орнында балалар жасындағы ауруларды интеграцияланған басқару бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының біліктілігін үздіксіз арттыруды жүзеге асыратын оқу-әдістемелік орталық (ОӘО) құрады.

Бұйрық 2025 жылдың 8 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты