Антикор Орал қаласының бас архитекторы алған параның видеосын жариялады

Сурет: видеодан алынды
Бүгін, 2025 жылы 5 наурызда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Орал қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұратбек Ташенбаевтың ұстау сәті түсірілген видеомен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео Антикордың Telegram арнасында жарияланды. Онда шенеуніктің қалтасынан бір уыс ақша шығады. Антикор қызметкерлері ақшаны үстел үстіне жайып шығады.

"Тәшенбаев аз қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер салу бойынша эскиздік жобаларды келіскені және сауда-саттықсыз жер учаскесін заңсыз беру жолымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін Көпбаевтан жалпы сомасы 1,5 млн теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды", деп еске салады Антикор.

2025 жылы 5 ақпанда Орал қаласының соты қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұратбек Ташенбаевқа, оның қарамағындағы – бас маман Нұрсұлтан Ғатауға қатысты үкім шығарды.

Тәшенбаев пен Ғатау тиісінше 7 және 3,5 жылға, ал пара беруші Асылжан Көпбаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олардың барлығы өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылған.

 

Орал
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды