Ақтөбеде пәтер жалдаушы ер адам үй егесін балғамен басынан ұрып, мерт еткен

Сурет: pixabay
Ақтөбеде тұрғын үй егесін аяусыз өлтірді деген айыппен пәтер жалдаушы ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Диапазон" басылымының мәліметінше, 54 жастағы ер адам өзінің танысының үйіне тұра тұрғысы келетінін, ол үшін ақы төлеуге де дайын екенін айтқан. Бір күннен кейін олар үстел басына жиналып, ішімдікпен өткізген бұл уақыт ақыры қанды оқиғамен аяқталған. 

Айыптауларда пәтер иесі боқ ауыз сөздер айта бастаған, ал пәтер жалдаушы мұны өзін қорлау, кемсіту деп қабылдап, оны бірнеше рет балғамен басынан ұрғаны айтылады. Содан кейін ол ас үй пышағын әкеліп, жәбірленушінің кеуде тұсына сілтеген. Алған жарақаттарынан үй иесі оқиға орнында жан тапсырған.

Сотта айыпталушы оны тек бір рет балғамен ұрғанын, ал одан әрі не болғанын есінде жоқ екенін айтты.

Сот сотталушыны 10 жылға бас бостандығынан айырды.

2025 жылы 30 қаңтарда Жезқазғанда тағы бір сұмдық жағдай орын алды. Қоқыс жәшігінен ер адамның бөлшектенген денесі табылды.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін