ҰҚК қызметкерлері Алматыда діни радикалдар әрекетінің жолын кесті

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) қызметкерлері прокуратура органының үйлестіруімен және полицияның қолдауымен Алматыда діни радикалдар қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі 2025 жылы 13 наурызда хабарлады.

"Терроризмді, оның ішінде әлеуметтік желі арқылы насихат жүргізді деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматы ұсталды. Тінту барысында олардың тұрғылықты жерлерінен заттай дәлелдемелер алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы бойынша ("Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру") сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары қолға алынды". ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпараттар "жария етуге жатпайды".

2025 жылы 10 наурызда Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Түркістан облысының Мақтаарал ауданында діни алауыздық тудырып, экстремистік материалдарды таратқан күдіктілердің ұсталғанын хабарлаған.

Алматы
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі