Қазақстанда толық емес отбасылардағы балаларға арналған білім беру квоталарының мөлшері қайта қаралады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квоталарына өзгерістер енгізілетін бұйрық дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, бұйрық жобасында "халықтың игерілуі мен қажеттілігін ескере отырып" абылдау квоталары қайта қаралды.

Бұйрық жобасында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қабылдау квоталарын азайту жоспарлануда. Нақтырақ айтқанда, 5 пайыздан 3 пайызға дейін және кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін 1 пайыздан 3 пайызға ұлғайту.

Әзірлеушілер жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді деп мәлімдеді.

Құжат 14 сәуірге дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев