Қазақстанда ірі қара мен ұсақ малды экспортқа шығаруға уақытша тыйым салынды

Фото: primeminister.kz
Елімізде ірі қара мен ұсақ малдың аналық басын экспорттауға уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ретте, Ауыл шаруашылығы министрі мен ҚР Қаржы министрінің міндетін атқарушы "Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы" 2025 жылғы 7 сәуірдегі бірлескен бұйрықты бекітті.

"Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың аналық басын және ұсақ малдың аналық басын әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", – делінген құжатта.

Бірлескен бұйрық 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді.

Белгілі болғандай, аталмыш шара асыл тұқымды мал басын экспортқа шығаруды болдырмауға бағытталған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жануарлары басының өсуінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уақытша тыйым салынды.

Еске салсақ, бұл тыйым 2024 жылғы 14 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 14 наурызға дейін 6 ай мерзімге де қолданылған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде "Қазақстан Халық Кеңесі" туралы Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Амнистия аясында бірнеше миллиард теңгенің айыппұлы кешірілуі мүмкін

Алматы полициясы Сәуле Базарханның клиникадағы қазасына қатысты пікір білдірді