Асхат Аймағамбетов: МӘМС бойынша жарналар қосымша салыққа айналмауы тиіс

Сурет: primeminister.kz
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов 2025 жылғы 17 сәуірде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілетін өзгерістер жайлы көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның ойынша, өзгерістер тек кепілдендірілген көмекті қысқартуға немесе халық пен бизнеске қосымша ауыртпалық жүктеуге айналмауы тиіс.

Аймағамбетов алаңдатып отырған негізгі екі мәселеге тоқталып өтті. Ең алдымен, кепілдендірілген көмек көлемінің (ТМККК) қысқаруы.

"Заң жобасында медициналық көмектің көп бөлігін МӘМС пакетіне көшіру ұсынылған.Бірақ алғашқы тексеріс пен базалық диагностика ТМККК аясында қалуы тиіс.Бұл әсіресе сақтандырылмаған азаматтар үшін маңызды — профилактиканың негізі. Егер адам учаскелік дәрігерге тегін көріне алмаса, жүйенің мағынасы жоғалады",- деп түсіндірді ол.

Екінші мәселе, жарна мөлшерінің артуы. Яғни, өзгерісте жұмыс беруші мен қызметкерден алынатын жарна шегін арттыру ұсынылған.

"Әділеттілік қажет, бірақ бизнес пен азаматтардың мүмкіндігін ескеру керек.Жарнаны салыққа айналдыруға болмайды.Балама мен ынталандырусыз шекті арттыру — жүйені шамадан тыс жүктеуге апарады",- деді ол.

Сондай-ақ, ол әрі қарай не істеуге болатындығы жайлы да жазды.

Депутат мұнымен қоса, цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізуді ұсынды. Бұл есеп пен талдауды жеңілдетеді.

Қорытындылай келе ол, бұл ұсыныстар әлі де талқылану үстінде екенін, қорытынды шешімдер әлі қабылданбағанын атап өтті.

Бұған дейін Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алу ережелері өзгертетіндігі хабарланған болатын. 

Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты