Павлодарда ағайынды жігіттердің төбелесі бірінің өліміне әкеліп соқтырған

Сурет: pixabay
Павлодарда ағайынды жігіттердің төбелесі бірінің өлімімен аяқталып тынған. Сот кісі өлтіру бабы бойынша үкім жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта 2024 жылдың 22 желтоқсанында Павлодар қаласында тұрғылықты жері бойынша ағасы інісін балағаттап, еш жерде жұмыс істемейтіні үшін тілдегені анықталды. Жанжал туындағанда кіші А. алкогольдік масаң күйде болған, сөйтіп ол Е-нің сол жақ кеуде аймағына асхана пышағымен қасақана бір рет соққы жасап, жүрек қуысын зақымдаған. Салдарынан Е. оқиға орнында жан тапсырған.

"Сот А-ның соттылығы жоқтығын, өз кінәсін мойындап, өкінуін ескере отырып, оған ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен жазаның ең төменгі түрі – 8 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады".Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Жамбыл облысында асырап алған баласын оқтаумен ұрған ана жазаға тартылғанын жазғанбыз.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды