Өзін Антикор өкілі ретінде таныстырып, кәсіпкерлерден ақша бопсалаған ақтөбелік ұсталды

Сурет: polisia.kz
Ақтөбеде өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі ретінде таныстырып, бизнес өкілдерінен ақша бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаскүнемді ұстау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен облыстық полиция департаментінің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде жүзеге асты.

"Тергеу барысында күдіктінің кәсіпкерлерге қоңырау шалып, оларды қылмыстық қудалаумен қорқытқаны және "мәселені шешу" үшін ірі көлемде ақша талап еткені белгілі болды. Ол қысым көрсету мақсатында жәбірленушілерге қатысты құпия мәліметтерді пайдаланған. Мәселен, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің біріндегі кадр бөлімінің басшысынан 5 миллион теңге талап еткен. Ұсталған сәтінде күдіктінің көлігінен 4 миллион теңге тәркіленді. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы (Бопсалау) бойынша іс қозғалды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Аталған бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Құқық қорғау органдары азаматтарды қырағылық танытуға шақырады. Егер осыған ұқсас жағдайға тап болсаңыз, бірден полицияға хабар беріңіз. Өтініш берушілердің анонимдігі мен қауіпсіздігі толық қамтамасыз етіледі. 

Ақтөбе
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты