СІМ Ақжарқын Тұрлыбай ісі туралы: Біз қажет дегеннің барлығын жасадық

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 2025 жылы 2 маусымда өткен брифинг барысында Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялау үшін қандай шаралар қолданылғалы жатқанын айтты. Ол Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айбек Смадияров Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша жұмыс Бас прокуратураның желісі бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Біз қажет дегеннің барлығын жасадық. Бұдан арғы жұмыстармен Бас прокуратура айналысады. Атап айтқанда, ақпарат алмасу жүреді. Біздің консулдың міндет і- шетелде түрмеде отырған азаматтарымызға барып, жағдайын білу. Сондықтан бұл тұрғыдағы жұмыстар жүргізілуде", - деді ол.

2024 жылғы 31 қазанда Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Бас прокуратура ҚР СІМ-мен бірлесіп тиісті жұмыс жүргізіп жатқанын айтқан болатын. Ол сол кезде Ақжарқын Тұрлыбайдан өзіне кесілген жазаны елімізде өтегісі келетіні туралы өтініш түскенін жеткізген.

Қазақстан
Қытай
Тұрлыбай Ақжарқын

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты