Біртанов пен Әбішев Бас прокуратурадан өздерінің үстінен қозғалған істі қайта қарауды сұрады

Сурет: Zakon.kz
Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев үш жыл бұрын өзі және оның бұрынғы басшысы Елжан Біртановтың сотталуына негіз іске басқаша қырынан қарауға сеп болатын дәлелдері барын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әбішев жалғыз куәгердің берген айғақтарына сүйену дұрыс емес екенін және оның жаңсақтығын дәлелдеуге де дайын екенін жеткізді.

"Жақында біз сол куәгердің қолы қойылған, оның сотта берген айғақтарына мүлдем қайшы келетін құжаттар мен хаттамаларды таптық. Яғни, платформа жұмыс істеп, өз жұмысын ары қарай жалғастыруда. Біз Бас прокурорға жаңа фактілерді ескере отырып, аталған істі қайта қарауға өтініш білдірдік. Барлық дәлелдерді көрсетуге дайынбыз", - деді Әбішев Facebook-тегі парақшасында жарияланған видеода.

2023 жылы 10 ақпанда апелляциялық сот Біртанов пен Әбішевтің үкімін өзгеріссіз қалдырды. Олар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды. Сондай-ақ олар Денсаулық сақтау министрлігінің пайдасына 1,3 млрд теңге шығын сомасын өтеуге міндеттелді.

Біртанов пен Әбішев хорватиялық Ericsson Nicola Tesla компаниясы құрған цифрлық платформаны қабылдау және қолданысқа енгізуде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталды.

Қазақстан
Біртанов Елжан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды