Жамбыл облысы бойынша Экология департаментінің басшысы сотталды

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысы бойынша Экология департаментінің басшысы сотталды. Сотқа тартылғандардың барлығына айыппұл түрінде жаза тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараз қаласының сотымен Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы Смағұлов, "Тараз металлургия зауыты" ЖШС Бас директорының орынбасары Полатбеков және осы кәсіпорынның экологы Асан сотталды.

"Смағұлов пара алғаны үшін, ал зауыт өкілдері экологиялық заңнаманың сақталуын тексеру кезінде бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік бергені, жалпы қамқорлығы және пара бергені үшін кінәлі деп танылды. Смағұлов, Полатбеков және Асан жалпы сомасы 24 млн теңге көлемінде айыппұл салу түрінде жаза тағайындалды". Антикордың баспасөз қызметі

Бұдан бөлек, олар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылады.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Бұған дейін Бөкейорда қорығының бас директоры қамауға алынып, Антикор бірқатар мәліметпен бөліскенін хабарлағанбыз

Тараз
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті