"Qyzyljar" АЭА аумағы жаңа өндіріс есебінен кеңейтілді

Сурет: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі
2025 жылғы 10 маусымдағы Үкімет қаулысымен "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы (АЭА) туралы ережеге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы Петропавл қаласының жаңа шекараларындағы аумақта орналасқан.

"UltradecorTradingKazakhstan" ЖШС инвестициялық жобасын іске асыру аясында 24,5 гектар аумақта АЭА-ның бесінші ішкі аймағы құрылды. Нәтижесінде, АЭА жалпы аумағы 212,3 гектардан 236,8 гектарға дейін ұлғайды.

Сурет: құжат скриншоты

"Qyzyljar" АЭА-ның №5 ішкі аймағы Петропавл қаласының солтүстік бөлігінде, Теплые Кусты көшесінің маңында орналасқан. Аумағы – 24,5 гектар.

Жаңа өндіріс Қазақстанда ағаш жоңқалы плиталар мен ламинацияланған ағаш жоңқалы плиталарды шығаруға және бұл өнімді Орталық Азия елдерінің нарығына экспорттауға бағытталған.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде түрлі салаларда жаңа өндірістерді біріктіретін индустриялық-сауда өндірістік алаң құрылмақ.

Бұған дейін Индустрия және құрылыс министрлігі бұл жобаны жүзеге асыру Солтүстік Қазақстан облысындағы "Qyzyljar" АЭА аумағында инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өңдеуші өнеркәсіптің үлесін арттыруға, импортқа тәуелділікті азайтуға, аралас салаларды дамытуға және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өткен.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты