Трюк жасаймын деп Lamborghini астына түсіп, мерт болған жігіт: сот үкімі жарияланды

Сурет: pixabay
2025 жылғы 12 маусымда Алматы облысы Іле аудандық сотында абайсызда адам өліміне әкеліп соққан қылмыстық іс бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта 2024 жылғы 29 қазанда Іле ауданындағы "Сокол" СТК аумағында бейнеролик түсіру кезінде жас жігіт  қаза тапқаны анықталды. Ол  жүріп келе жатқан сотталушы басқарған көліктің үстінен секіруге әрекет жасаған. Кәсіби дайындықтың және әрекеттердің келісілмеуінің салдарынан бұл трюк қайғылы оқиғамен аяқталды. Сотталушы марқұмны қағып кетіп, оған өлімге әкелетін жарақаттар келтірген.

ҚР Қылмыстық Кодекстің 104-бабының 1-бөлігі бойынша сотталушының кінәсі оның мойындау айғақтарымен, жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, сондай-ақ сотта зерттелген қылмыстық іс материалдарымен, оның ішінде бейне жазбалармен толық дәлелденді.

Сот П-ны ҚР ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 1 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сот жазаны тағайындау кезінде жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде — айыпталушының кәмелетке толмаған мүгедек баласының бар екенін, шын жүректен өкінуін ескерді. 

Сондай-ақ, сот моральдық зиянды өндіру туралы шешім шығарды:

Материалдық зиянға қатысты сот жәбірленушілерге азаматтық іс жүргізу тәртібімен талап қою құқығын сақтап қалды. Айыпты қайта саралау туралы өтініш прокурор тарапынан қолдау таппауына байланысты сотпен қанағаттандырылмады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Бұған дейін Instagram-дағы жазбасында балағат сөз қолданған атыраулық сотталғанын жазғанбыз.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды