"Шашынан сүйреп, басынан ұрған": Павлодарда балабақша тәрбиешісінің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты

Сурет: pexels
Әлеуметтік желіде Павлодардағы балабақшадағы бейнебақылау камерасынан алынған видео тарады. Видеода тәрбиеші балаларды шашынан ұстап сүйрейді, итеріп жібереді, желкелеп лақтырады, басына ұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған видео желіде үлкен резонансқа ие болды. Балаларын осы балабақшаға апаратын ата-аналардың айтуынша, мұндағы жазбалардың бір бөлігі жойылған, сондықтан тәрбиешінің балаларға қатысты бұл әрекеті бір реттік пе, әлде үнемі осылай ма, ол жағы беймәлім қалуда.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметіне жүгінді.

"Бұл ретте кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады", - деп жауап берді ведомстводан.

Сонымен қатар, полиция балабақша басшылығының іс-әрекетіне де құқықтық баға берілетінін нақтылады.

Бұған дейін Қазақстанда жыл сайын түрлі жарақаттан 1000-нан астам бала қайтыс болатыны хабарланған болатын.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы