Ресеймен арадағы шекарада көлік кептелісі туындады: Қазақстан полициясы үндеу жасады

Сурет: polisia.kz
Ресеймен шектесетін үш облыстың шекарасында жүк көліктерінің кептелісі орын алуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігі 2025 жылы 1 шілдеде Ақтөбе облысындағы "Жайсан", Солтүстік Қазақстан облысындағы "Жаңа жол" және Атырау облысындағы "Бөкей хан" шекаралық бекеттерінде ондаған жүк көліктері мен рейстік автобустар Ресей Федерациясына кіру кезегін күтіп, ұзын-сонар кезекте тұрғанын хабарлады. Полиция бұл орындарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, көлік ағынын реттеп, жүргізушілерге көмек көрсетуде.

"Аталған аумақтарда патрульдік экипаждар мен учаскелік инспекторлар жұмыс істеп жатыр. Олар жүргізушілерге кеңес беріп, жағдайды бақылауда ұстап, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Басқа өңірлерде жағдай тұрақты, өткізу бекеттері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 30 маусымнан бастап Ресей Федерациясымен шекаралас кейбір бақылау-өткізу бекеттерінде жүк көліктерінің жиналып қалуы байқалуда. Кептелістің бірден бір себебі – көрші елге кірудің жаңа талаптары.

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді сабыр сақтап, тәртіпті бұзбай, полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындауға шақырады. 

Бұған дейін, 2025 жылы 4 маусымда Құрбан айтта үйіне асыққан шетелдіктер Түркістан облысындағы шекарада кептеліс туғызғаны хабарланған.

Ақтөбе
Атырау
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді