Топпен қыз зорлап, 13 жыл бойы жасырынып жүрген күдікті Қырғызстанда ұсталды

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
ҚР Бас прокуратурасының қызметкерлері Қырғыз Республикасынан топтық зорлау үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылы 25 шілдеде ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады:

"Күдікті 2012 жылы Жамбыл облысында басқа алты адаммен бірге жиынға екі қызды шақырып, олардың сусындарына клофелин араластыру арқылы дәрменсіз күйге келтіріп, еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен. Қылмысқа қатысушылар әртүрлі жаза мерзімдеріне сотталған, ал аталған күдікті жасырынып, 13 жыл іздеуде болған".

2025 жылдың сәуірінде ол Бішкек қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетсек, аталған қылмысты жасағандарға бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Бұған дейін жүзден аса адамды зар илеткен алаяқ Мысырдан экстрадицияланғаны хабарланған. Ер адам басқа адамдармен сөз байласып, жәбірленушілердің атына автокөліктерді несиеге рәсімдеп, кейін оларды үшінші тұлғаларға сатқан.

Қазақстан
Қырғызстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды