Жамбыл облысында мылтық ұстаған жасөспірім досын абайсызда атып алған

Сурет: pexels
Жамбыл облысында сот қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану фактісі бойынша үкім шығарды. Кәмелетке толмағанға айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта кәмелетке толмаған баланың достарымен бірге әкесіне тиесілі пневматикалық мылтықпен бөтелкелерді атқаны, құлаған бөлекені түзеп қоймақ болғанда Т. байқаусызда шүріппені ертерек басып қалып, оқ жәбірленушінің иегіне тигені анықталды.

Сот отырысында кәмелетке толмаған Т. кінәсін толық көлемде мойындады. Жәбірленуші М. ешқандай шағымы жоқ екенін түсіндіріп, шешімді соттың қарауына қалдырды. Адвокат Т-ның іс-әрекетінде ауырлататын мән-жайлар жоқ болғандықтан, соттан минималды айыппұл тағайындауды сұрады.

Криминалистің қорытындысына сәйкес, "Cometa 300" пневматикалық қаруы спорттық жаттығуларға арналған, атыс қаруы емес.

Сот кәмелетке толмаған жасын, кінәні мойындауын және жасаған ісіне өкініш білдіруін жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.

"Сот қаулысымен құқық бұзушы ӘҚБтК 485-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 АЕК (39 320 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындалды. Тәркіленген пневматикалық қару тиістілігі бойынша қайтарылды".Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі

Қаулы заңды күшіне енді.

Бұған дейін ҰҚК сегіз өңірде заңсыз қару мен жарылғыш заттардың ірі қорын анықтағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы