Қызылордада полицейлерден қашқан мас жүргізуші ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Қызылорда қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері қала көшелерінің бірінде жол қозғалысы ережесін бұзған Sprinter автокөлігін тоқтатпақ болды. Алайда 46 жастағы қала тұрғыны полицейдің талабына бағынбай, қашып кетуге әрекеттенген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған оқиға 8 тамызда таңғы сағат 07:30 шамасында болған. 

"Тексеру барысында оның жеке балабақша тәрбиеленушілерін масаң күйде тасымалдағаны анықталды. Наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде болған. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы және басқа да баптар бойынша бірнеше хаттама толтырылды. Ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін. Автокөлік айып алаңына қойылды", делінген хабарламада.

Қызылорда қаласы полиция басқармасы тұрғындарды жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға, әсіресе көлік рөліне мас күйінде отырмауға шақырады.  

Бұған дейін Бурабайда "саңырауқұлақ жинаған" қазақстандық 20 мың теңге айыппұл арқалағаны белгілі.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді