Қазақстанда кеден қызметкерлері үшін жаңа киім үлгісі бекітілді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қаржы министрінің м. а. 2025 жылғы 8 тамыздағы бұйрығымен нысанды киім үлгілерін, оны киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны кию қағидаларын бекіту туралы бұйрықты жаңартты.

Ерлерге арналған нысанды киім жиынтығына мыналар кіреді:

Сурет: құжат скриншоты

Әйелдерге арналған нысанды киім жиынтығына мыналар кіреді

Сурет: құжат скриншоты

Нысанды киімді киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік кірістер органы жұмыскерлерінің тізбесі

Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімді киіп жүру қағидалары

Нысанды киім ерлерге және әйелдерге арналған болып бөлінеді. Нысанды киімді және оның заттарын киіп жүру мерзімдері оның берілген күнінен бастап саналады.

Нысанды киіммен қамтамасыз ету кеден ісі саласындағы уәкілетті органы ведомствосының есебінен жүргізіледі.

Мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлеріне берілетін нысанды киім кеден ісі саласындағы уәкілетті органы ведомствосының меншігі болып табылады және қызметкерді жұмыстан босату кезінде қайтарылуға жатады.

Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімді киіп жүру тәртібі

Қызметтік міндеттерді орындау кезінде нысанды киім киюге міндетті.

Нысанды киімнің барлық заттары тазартылған және үтіктелген. Пиджак қалталарының қақпалары сыртқа шығарылған.

Құлақшын, фуражка, берет төменгі жиегі қастың үстінен бір-екі елі биіктікте болатындай етіп, ал фуражканың күн қағары – қастың деңгейінде киіледі. Кокарданың ортасы қастың ортасына орналасады. Барлық бас киімдер қисайтылмай тік киіледі.

Пиджак, шалбар, жейде, поло, бомбер және далалық күртенің барлық түймелеріне салынады және сыдырмасы бекітіледі.

Аяқ киім тазаланған.

Жазғы уақытта пиджаксыз галстукпен ұзын жеңді жидені, сондай-ақ галстуксыз, үстіңгі түймесін ағытып, қысқа жеңді жидені киюге рұқсат етіледі.

Мемлекеттік кірістер органдарының үй-жайынан тыс жерлерде кедендік операцияларды және (немесе) кедендік бақылауды орындау кезінде мемлекеттік кірістер органының жұмыскерлері кеудеше киеді.

Бұл ретте кедендік бақылау аймағынан тыс жерлерде көлік құралдарын тоқтатқан және кедендік операцияларды және (немесе) кедендік бақылауды жүзеге асырған кезде, сондай-ақ нашар көріну (тұман, жаңбыр) жағдайында және тәуліктің қараңғы уақытында (ымырт, түн) мемлекеттік кірістер органдарының үй-жайынан тыс жерлерде кедендік операцияларды және (немесе) кедендік бақылауды жүзеге асырған кезде мемлекеттік кірістер органының жұмыскерлері кеудеше киеді.

Кеудеше және сигналдық кеудеше нысанды киімнің сыртынан киіледі.

Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің айырым белгiсi

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органының логотипі және пиджактың оң жақтағы және жиденің сол жақтағы қалталарының қақпаларында орналасқан "КЕДЕН CUSTOMS" жазбасы нысанды киімді киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдарының кеден саласындағы жұмыскерлерінің нысанды киімінің айырым белгiлерi болып табылады. Жазба мен логотип пиджак пен жейде қалтасының қақпасына алтын түсті жібек жіппен кестеленіп тігіледі. Белгідегі алтын түсті суреттер тоқу тәсілімен жасалады.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің нысанды киімі. Жапсырма ортасында мемлекеттік кірістер органдарының логотипі бейнеленген, үстіңгі бөлігінде – "QAZAQSTAN" (2-сурет), төменде "MEMLEKETTIK KIRISTER ORGANDARY" деген жазуы бар, қара түсте қалқан нысанда, мөлшері 100 х 80 миллиметр материал тәріздес негізде дайындалады. Жазба мен логотип пиджак пен жейде қалтасының қақпасына алтын түсті жібек жіппен кестеленіп тігіледі. Белгідегі алтын түсті суреттер тоқу тәсілімен жасалады.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын және нысанды киімді киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің нысанды киімінің айырым белгісінің үлгісі.

Бұйрық 2025 жылғы 24 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды