Қуандық Бишімбаевтың бауыры мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын болды

Сурет: ҚР Жоғарғы соты
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ағасы Бақытжан Байжановтың жазасын өтеу мерзімін қысқарту туралы өтініші қанағаттандырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Степногорск қалалық сотында ҚАЖ мекемесінің "ҚР Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңды қолдана отырып, сотталған Байжановтың жазасын өтеу мерзімін қысқарту туралы ұсынысы қаралды.

Сотталған Байжановқа қатысты ұсыныс келесі негіздер бойынша қанағаттандырылды.

"Сот қаулысымен ҚАЖ мекемесінің сотталған Б.-ға жаза мерзімін қысқарту туралы ұсынысы қанағаттандырылды. "ҚР Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңға сәйкес, сотталған Б.-ға өтелмеген жаза мерзімі 1/3 бөлікке қысқартылды және өтеуге түпкілікті 1 жыл 4 ай 17 күн бас бостандығынан айыру мерзімі белгіленді", делінген сот хабарламасында.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, 2024 жылы 13 мамырда Байжановтың ҚР ҚК-нің 432-бабымен ҚІЖМАС үкімімен 4 жылға бас бостандығынан айырылғаны анықталды.

Қазақстан
Бишімбаев Қуандық

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты