Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөнінде мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру штабы құрылды

Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі 2025 жылғы 13 тамыздағы өкімімен нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру үшін Республикалық штаб құру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикалық штаб құрамына кірді:

Сонымен қатар республикалық штаб туралы ереже бекітілді.

Республикалық штабтың негізгі міндеті – заманауи есірткі бизнесінің жаңа сын-қатерлері мен қауіптерін анықтау, профилактикалық шаралардың тиімді кешенін жүзеге асыруға арналған тәсілдерді әзірлеу, алдын алу жүйесін жетілдіру, нашақорлықты емдеу және нашақор адамдарды оңалту жүйесін дамыту бағытында мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру болып табылады.

Республикалық штабтың жұмыс органы – ҚР Ішкі істер министрлігі.

Республикалық штабтың отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік штабтар құру тапсырылды.

Бұған дейін Қазақстанда 2035 жылға дейінгі экономиканы дамыту жоспары таныстырылғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді