Антикордың Шымкенттегі департамент басшысы қызметінен кетті

Сурет: Facebook/Қанат Тұрсымбайұлы Сүлейменов
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкенттегі департамент басшысы Қанат Сүлейменов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызметінен кететінін Қанат Сүлейменов Facebook-тағы өз парақшасында жазды.

"Құрметті достар! Бүгін осы жазбаны жариялап, өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен жұмыс үшін шын жүректен алғысымды айтқым келеді. Президенттің Жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҰҚК құрамына енгенін білесіздер, осыған байланысты басқа жұмысқа ауысудамын. Шымкент қаласына – гүлденуді, ал қала тұрғындарына амандық пен өркендеуді тілеймін", делінген жазбада.

Айта кетсек, 2025 жылғы 30 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев "Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды. Құжаттан президенттің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына өткізу арқылы Антикорды қайта құру туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.

Шымкент
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді