Шымкентте 300 электрсамокат айып тұрағына қойылды

Сурет: Zakon.kz
Өткен аптада Шымкент қаласында көшеде қалған 300-ге жуық электрсамокат айып тұрағына жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, пайдаланушылар ретсіз тастап кеткен самокаттар көлік қозғалысына және жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп жатқаны туралы тұрғындар жиі шағымдануда.

Жол оқиғаларының алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары тұрақты түрде рейдтер жүргізіп, электрсамокаттарды пайдаланудағы ереже бұзу жайттарын анықтауда.

Полицейлер жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігі басты назарда екенін атап өтіп, азаматтарды самокатты қолдану барысында жауапты болуға шақырды. 

Бүгін, 8 қыркүйекте Сенат депутаттары үкімет мінберінде самокаттарға қатысты жағдай жөнінде пікір білдірді. Алматыда жаяу жүргіншілерге бірнеше рет қауіпті соқтығыстар болғаннан кейін қоғамда бұл көлік құралын қолдануға тыйым салу туралы мәселе тағы да көтерілді.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме