Камералдық бақылау жүргізу: ережеге өзгерістер енгізілді

Фото: Zakon.kz
Қаржы министрі 2025 жылғы 15 қыркүйектегі бұйрықпен камералдық бақылау жүргізу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Камералдық бақылауды ведомство және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен мемлекеттік аудит объектісіне бармастан, тұрақты негізде жүргізеді.

Камералдық бақылау бюджеттік қатынастарды, бухгалтерлік есепті, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласын реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен талаптарын сақтай отырып, ведомствоның Заңда белгіленген құзыреті шеңберінде бюджет процесінің барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша ақы төлеу жүргізілгеннен кейін бұзушылықтар анықталған кезде мемлекеттік аудит жүргізіледі.

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде ведомство және оның аумақтық бөлімшелері нысан бойынша анықталған бұзушылықтарды сипаттай отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны (хабарлама) ресімдейді және мемлекеттік аудит объектілеріне жібереді және веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.

Веб-порталды қоспағанда, ақпараттық жүйеде камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде ведомство және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік аудит объектілеріне хабарлама ресімдейді және жібереді және ақпараттық жүйеде тіркейді.

Хабарлама мемлекеттік аудит объектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, веб-портал және (немесе) ақпараттық жүйелер арқылы демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 8:30-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін жіберіледі.

Хабарламаны мемлекеттік аудит объектісі, ол мемлекеттік аудит объектісіне тапсырылған (веб-портал және (немесе) ақпараттық жүйелер арқылы алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындайды.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды мемлекеттік аудит объектісіне хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде дербес жойған кезінде, лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

Хабарламаның орындалуы туралы ақпаратты (қажет болған кезде растайтын құжаттарды қоса бере отырып) мемлекеттік аудит объектісі хабарламаны жіберген ведомствоға және оның аумақтық бөлімшесіне нысан бойынша веб-портал және ақпараттық жүйелер арқылы ұсынады.

Хабарламаның орындалуын растауды ведомство және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік аудит объектісінен хабарламаның орындалуы бойынша ақпарат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей веб-портал және ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырады.

Тиісті бюджетті (даму жоспарын), жеке қаржыландыру жоспарын және мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын камералдық бақылау камералдық бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесіне және мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау элементтеріне және осы Қағидаларға 1 және 3-қосымшада келтірілген бұзушылықтарды жою тәсілдеріне сәйкес тұрақты негізде жүргізіледі.

Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын камералдық бақылау тиісті бюджет бекітілгенге (нақтыланғанға) дейін тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы шығарылған күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін жүргізіледі.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелердің тиісінше орындалуын камералдық бақылауды ведомство және оның аумақтық бөлімшелері камералдық бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесіне және мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау элементтеріне және осы Қағидаларға 1 және 3-қосымшада келтірілген бұзушылықтарды жою тәсілдеріне сәйкес жүргізеді.

Орындаушының және ведомство басшысы орынбасарының және/немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіндегі бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушысының жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтардың жоқ екені туралы белгісі веб-порталда және ақпараттық жүйесінде камералдық бақылаудың аяқталуы болып танылады.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға ведомство басшысының орынбасары және/немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бірінші басшысы немесе олардың (оның) міндетін атқарушы адам (адамдар) қол қояды.

Хабарламаның орындалуын бақылауды ведомство басшысының орынбасары және/немесе ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның (олардың) міндетін атқарушы адам веб-порталда және ақпараттық жүйеде белгі қойып жүзеге асырады.

Нысан бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталын қоспағанда, ақпараттық жүйелер арқылы жіберілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ақпараттық жүйелер арқылы жіберілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды тіркеу журналында тіркелуі тиіс.

Уәкілетті орган ведомствосының шешімімен және (немесе) жіберілген аумақтық бөлімшенің хабарламасымен келіспеген кезде әлеуетті өнім беруші шағым, мемлекеттік аудит объектісі – жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы, оның ішінде нысан бойынша веб-портал арқылы уәкілетті органның жанындағы Апелляциялық комиссияға (Апелляциялық комиссия) қарсылық береді, не сотқа жүгінеді.

Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген кезде мемлекеттік аудит объектісі веб-портал және хабарлама келіп түскен ақпараттық жүйелер арқылы Заңның 11-1-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Уәкілетті органның жанындағы апелляциялық комиссияға (Апелляциялық комиссия) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтарға қарсылық береді.

Мемлекеттік аудит объектісі веб-портал және хабарлама келіп түскен ақпараттық жүйелер арқылы қарсылықтың дәлелдерін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

Уәкілетті орган ведомствосының хабарламасында көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда әлеуетті өнім беруші веб-портал және ақпараттық жүйелер арқылы Апелляциялық комиссияға шағым береді.

Қорытынды тіркеледі және мемлекеттік аудит объектісіне веб-портал және хабарлама келіп түскен ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.

Камералдық бақылау нәтижелері веб-порталда және ақпараттық жүйелерде орналастырылады.

Бұйрық 2025 жылғы 30 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты