Ақтау тұрғыны ерніне жасалған сәтсіз ота үшін сұлулық салонынан өтемақы өндіріп алды

Сурет: pixabay
Маңғыстау облысында тұтынушы құқығы табысты қорғалды. Ақтау қаласының тұрғыны ерніне жасаған сәтсіз отасы үшін сұлулық салоны үстінен шағымданып, өтемақы өндіріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жәбірленуші сауда және тұтынушы құқығын қорғау жөніндегі департаментке E-өтініш платформасы арқылы ресми түрде шағым түсірген.

Ақтау қаласының тұрғыны ерін үлкейту процедурасын жасау үшін сұлулық салонына жүгінгенін, процедура алдында ол маманға бала емізу кезеңінде екенін, яғни бұл қызметті алуға медициналық тұрғыдан қарсы көрсетілімі барын ескерткенін айтады. Алайда косметолог бұл ескертуді елемей, инъекция жасаған. Салдарынан тұтынушыда ауырсыну, көпіршіктер және жалпы жайсыздық сипатында теріс әсерлер пайда болған.

Департаменттің араласуымен оған 80 мың теңге көлемінде төленген сома толық қайтарылды.

Бұған дейін Ақтөбеде дүкеннен сатып алынған шетелдік шұжықтан мамандар бірқатар бұзушылықтарды анықтағанын жазғанбыз.

Ақтау
Тұтынушылық бақылау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды

2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру грант иегерлерінің тізімі жарияланды