Мемлекеттік кірістер органдарының мобильді топтары қалай жұмыс істейді: ережелер бекітілді

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қаржы министрінің м. а. 2025 жылғы 10 қазандағы бұйрығымен Мемлекеттік кірістер органдарында мобильдік топтарды құру, қызмет ету, жарақтандыру, оның ішінде көлік құралдарымен жарақтандыру қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұтқыр топтардың негізгі міндеттері – ЕАЭО кедендік аумағындағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты бақылау жүргізу мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының, ЕАЭО кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету ұтқыр топтың негізгі міндеттері болып табылады.

Ұтқыр топ өз қызметінде, сақталуын бақылау мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген, кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарды, Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасын басшылыққа алады.

Ұтқыр топ қызметін күнтізбелік жылға қалыптастырылған жұмыс кестесі мен іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

Ұтқыр топтың жұмыс кестесі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленеді және лауазымды адамдардың жұмыс күндері мен сағаттарын, сондай-ақ демалыс пен тамақтануға арналған уақытын белгілейді.

Ұтқыр топ іс-шаралар жоспарында айқындалған қозғалыс маршруты бойынша автомобиль жолдарымен көлік құралдарында немесе жабдықталған көлік құралдарында қозғалады.

Бұл ретте жабдықталған көлік құралдарын ұтқыр топ кедендік бақылауды жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында, қалалар шегінен тыс немесе өзге де елді мекендердегі автомобиль жолдарында жүзеге асыру кезінде пайдаланады.

Ұтқыр топ нарядының қозғалыс маршруты көлік құралдарының тәулік және жыл уақытына байланысты қозғалыс қарқындылығын ескере отырып, нысан бойынша мемлекеттік кірістер органының басшысы (оны алмастыратын адам) бекітетін ұтқыр топ нарядының қозғалыс маршруты карточкасында (маршрут карточкасы) айқындалады.

Маршрут карточкасы 2 (екі) данада жасалады, бір данасы мемлекеттік кірістер органында сақталады, екінші данасы ұтқыр топ нарядына беріледі.

Маршрут карточкасы арнайы тіркеу журналында (бұдан әрі – журнал) тіркеледі, ол күнтізбелік жылға ашылады және қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында жүргізіледі.

Қағаз жеткізгіштегі журнал нөмірленеді, тігiледі және мемлекеттік кірістер органы басшысының (оны алмастыратын адамның) қолымен және мемлекеттік кірістер органының мөрімен бекітіледі.

Ұтқыр топтың басшысы мен ұтқыр топтың аға наряды аптасына 2 (екі) рет Тізбеге сәйкес құралдардың болуын, техникалық жай-күйін және жұмысқа жарамдылығын тексереді.

Фототүсірілімдер, аудио-, бейнежазбалар цифрлық форматта мемлекеттік кірістер органының серверлерінде 3 (үш) жыл бойы сақталады.

Ауысымды қабылдау және тапсыру кезінде ұтқыр топтың аға наряды мүлікті қабылдап алу-тапсыру актісін жасайды, ол мемлекеттік кірістер органында сақталады.

Ұтқыр топтың жұмысына ішкі істер органдарының, көлікті бақылау, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура және экономикалық тергеп-тексеру қызметінің өкілдері тартылады.

Міндеттерді орындау кезінде лауазымды адамдар:

Ұтқыр топ нысанды киіммен, техникалық құралдармен, көлік құралдарымен, оның ішінде жабдықталған көлік құралдарымен және Көлік, техникалық және өзге де құралдарының тізбесіне сәйкес өзге де құралдармен жарақтандырылады.

Көлік, техникалық және өзге де құралдардың тізбесі

Бұл ретте жабдықталған көлік құралдары арнайы жарық немесе дыбыс дабылдарымен және арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша бояумен жабдықталады, "Мемлекеттік кірістер органдарының Ұтқыр тобы" деген жазумен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің эмблемасымен белгіленеді.

Бұйрық 2025 жылғы 27 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды