ҚР ІІМ қызметкерлері Ресейде арнайы операция жүргізіп, РФ-ның төрт азаматын ұстады

Сурет: polisia.kz
ҚР Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) қызметкерлері Ресейдегі интернет-алаяқтардың трансұлттық желісінің көзін жойды. 2025 жылғы 22 қазанда ведомствоның баспасөз қызметі осы сипатта ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арнайы операцияға қатысты егжей-тегжейлі мәліметпен ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Аслан Өскембаев бөлісті:

"21 қазанда іссапар барысында ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Ресей Федерациясының ІІМ Киберполиция басқармасымен бірлесіп, ұзақ мерзімді жедел шаралар нәтижесінде Ресейдің үш өңірінде интернет-алаяқтардың жолын кесті. Олар Қазақстан мен ТМД елдерінің азаматтарына қатысты заңға қайшы әрекеттер жасау үшін sim-карталарды жеткізу және қосу арнасын ұйымдастырған".

Арнайы операция нәтижесінде күдіктілерден 11 sim-box құрылғысы, 3 ноутбук, 31 ұялы телефон, сондай-ақ 19 мыңнан астам қазақстандық және еуропалық sim-карталар тәркіленді.


"Тәркіленген ноутбуктерде 2023 жылдың басынан бастап іске қосылған түрлі байланыс операторларының абоненттік нөмірлері туралы мәліметтер сақталған "лог-файлдар" табылды. Бұл нөмірлер алаяқтық қоңыраулар жасау үшін пайдаланылған. Заңсыз әрекеттері үшін Ресей Федерациясының төрт азаматы ұсталды. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу және жедел-іздестіру шаралары жалғасуда. Бірлескен әрекеттер sim-карталарды жеткізу арнасын және трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметін тоқтатуға, азаматтарды алаяқтық схемаларға тартудың алдын алуға, сондай-ақ халықаралық киберқылмысқа елеулі соққы беруге мүмкіндік берді", - деді ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Аслан Өскембаев.

Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды