МӘМС: 2026 жылдан бастап медициналық қызметтерді тұтынушыларды есепке алудың жаңа ережелері

Фото: pixabay
Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 21 қазандағы бұйрықпен медициналық қызметтерді тұтынушылардың есебін жүргізу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығын беру қағидаларын жаңа редакцияда бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңның 5-бабына сәйкес МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке өздері үшін Қорға аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылған, сондай-ақ осы Заңның 28-бабының 7-тармағына сәйкес Қорға жарналар төлеуден босатылған адамдардың құқығы бар.

МӘМС жүйесі шеңберінде Қор тұтынушыларды есепке алуды жүргізуді Қордың АЖ-да Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен келіп түсетін Мемлекеттік корпорацияның деректері немесе мәліметтері, электрондық түрде ұсынылатын өздеріне қатысты әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға келу туралы бұйрығы шыққан, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметшілері туралы деректер негізінде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелері, Қордың АЖ арасында деректер алмасу Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы, мемлекеттік құпиялар және дербес деректерді қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес интернет желісін қоса алғанда, бөлінген немесе ашық байланыс арналары бойынша электрондық түрде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтер, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпарат ақпарат алмасуға жатпайды.

Тұтынушылар санаты бойынша деректер күн сайын автоматтандырылған режимде жаңартылады.

Деректерді қалыптастыру көздері:

Тұтынушы туралы ақпарат медициналық көмек көрсетуді қаржыландыру көзін одан әрі айқындау үшін медициналық ақпараттық жүйелерге және өзге де ақпараттық жүйелерге сұрау салу бойынша Қордың АЖ-дан ұсынылады.

Қордың тұтынушыларды есепке алу мынадай мәліметтерді енгізе отырып, автоматты режимде жүргізіледі:

Мемлекет республикалық бюджеттен жарналар төлейтін адамдар санатының дерекқорын актуалдандыруды Мемлекеттік корпорация ай сайын жүзеге асырады.

Жарналарды олар үшін республикалық бюджеттен мемлекет төлейтін адамдар санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу үшін Қордың АЖ-ға автоматты режимде мынадай мәліметтер енгізіледі:

Жарналарды олар үшін республикалық бюджеттен мемлекет төлейтін адамдардың санаттары бойынша есепке алуды жүргізу және алып тастау үшін Мемлекеттік корпорациядан деректер Қордың АЖ-ға күн сайынғы негізде келіп түседі.

Құжаттық толық мәтінін сілтемеге өту арқылы оқи аласыз.

Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды