Аудиторлық қызметке лицензия беру: өзгерістер енгізілді

Фото: freepik
Қаржы министрінің 2025 жылғы 14 қарашадағы бұйрығымен "аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, "аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті "электрондық үкіметтің" egov.kz, elicense.kz веб-порталдары арқылы көрсететіні нақтыланады.

Мемлекеттік қызмет Мемлекеттік қызметтің мынадай кіші түрлерін қамтиды: аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу және аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтату.

Лицензияны алу, қайта ресімдеу және лицензияның қолданылуын тоқтату үшін өтініш берушілер мынадай құжаттарды ұсынады:

лицензия алу үшін:

ҚР резиденті аудиторлық ұйымын құру кезінде жоғарыда аталған құжаттардан басқа шетелдік ұйым (шетелдік ұйымдар) өзінің мәртебесін растау үшін шетелдік аудиторлық ұйым ұсынады:

лицензияны қайта ресімдеу үшін:

лицензияның қолданылуын тоқтату үшін:

Төлемді растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады

Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тартады.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде электрондық пошта арқылы бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу арқылы "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (операторын) хабардар етеді. sd@nitec.kz электронды поштасына мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, әкімшілік қызметтің нөмірі мен коды бойынша ақпаратты міндетті түрде ұсынумен өтініш құжатының немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе қызмет алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі, авторизация сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейін қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып жолдайды.

Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

Сұрау салуды өңдеуді, оның ішінде тіркеуді көрсетілетін қызметті беруші "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінде сұрау салу келіп түскен сәттен бастап жүзеге асырады.

Бұйрық 2026 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды