Атом энергиясы агенттігінің ғылыми-техникалық кеңесі туралы ереже бекітілді

Фото: senate.parlam.kz
Атом энергиясы агенттігі төрағасының м. а. 2025 жылғы 9 желтоқсандағы бұйрығымен Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің ғылыми-техникалық кеңесі туралы ереже бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҒТК Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (Агенттік) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (ҒЗТКЖ) басым бағыттары жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау, сондай-ақ Агенттіктің реттелетін салаларындағы ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды бағалау мақсатында құрылады.

ҒТК қызметі мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:

ҒТК өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

мемлекеттік технологиялық саясат мәселелері және атом энергиясын пайдалану саласындағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша:

Ғылым мен техниканы қолдауға және дамытуға пайдалы қазбаларды өндіру шығынының 1% мөлшерінде жер қойнауын пайдаланушылар қаражатынан қаржыландыру мәселелері бойынша:

Агенттіктің міндеттерін орындау шеңберіндегі өзге де мәселелер:

ҒТК қызметін ұйымдастыру

ҒТК құрамын Агенттік мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де заңды тұлғалардың, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың ұсыныстары мен ұсынымдарын ескере отырып қалыптастырады және Агенттіктің бірінші басшысы бекітеді.

ҒТК Төрағадан, Төрағаның орынбасарынан және тұрақты мүшелерден тұрады. ҒТК құрамына Агенттіктің реттелетін салаларындағы жетекші ғалымдар, мемлекеттік органдар мен даму институттарының, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Ұлттық холдингтер мен компаниялардың өкілдері, ұлттық ғылыми кеңестің мүшелері, жер қойнауын пайдаланушылардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салалық қауымдастықтардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылатын бейінді ғылыми ұйымдардың өкілдері кіреді.

ҒТК құрамына енгізілетін ғалымдар:

ҒТК құрамының жетпіс пайызы (70 %) жұмыс өтілі 5 (бес) жыл бар:

ҒТК Төрағасы мен төраға орынбасары ҒТК-нің бірінші отырысында ҒТК мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы ҒТК мүшелерінің арасынан сайланады.

ҒТК құрамы 3 (үш) жыл мерзімге бекітіледі және мүшелерінің саны 9-дан (тоғыздан) кем емес және 25-тен (жиырма бестен) артық емес адамнан тақ саннан құралады.

ҒТК жанынан ғылыми қамтамасыз етуді ұйымдастыру және ҒТК отырысына шығарылатын бейіндік мәселелерді қарау бойынша өз қызметін жүзеге асыратын секциялар құрылады. Секциялар осы ереже шеңберінде әрекет етеді, олардың жұмыс тәртібі ҒТК шешімдерімен айқындалады.

ҒТК жұмыс органы Агенттіктің Ғылым және инновациялар департаменті болып табылады.

Бұйрық 2025 жылғы 28 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды