Екібастұзда мұз жарылып, балықшылар Delica көлігімен суға түсіп кетті

Сурет: pixabay
2026 жылы 17 қаңтарда Екібастұзда мұз ойылып, суға түсіп кеткен төрт балықшы құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 07:33-те полицияға Екібастұз қаласындағы су қоймасында Mitsubishi Delica автокөлік мұз ойылып, суға батып кеткені туралы хабарлама түсті. Төрт азамат балық аулауға барғаны белгілі болды. Оқиға орнына жедел түрде учаскелік полиция инспекторы Архар Оспанов барып, суға түскен автокөлік пен балықшыларды анықтады. Кейін ол координаттарды жедел-тергеу тобына және төтенше жағдайлар қызметіне хабарлады.

"Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде төрт ер адам да құтқарылып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Құтқару сәтінде олар қатты тоңып қалған. Суға түскен киімдері мұз болып қатып қалғандықтан, олар бірден автокөлікке отыра алмады. Шалбарларын қайшымен кесуге тура келді. Балықшылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Барлығы да үсіп қалу белгілерімен ауруханаға жеткізілді", деп хабарлады Екібастұз қаласы полиция басқармасының бастығы Төлеген Құдайбергенов.

Ведомство мәліметінше, ер адамдар ескертулерге және қатты аязға қарамастан балық аулауға шыққан. Мұз үстіне шығып, құрал-жабдықтарын түсіргеннен кейін автокөлік мұз астына кеткен, оны шығару мүмкін болмаған.

"Азаматтардың қауіпсіздігі – бірінші орында", – деп атап өтті полиция ведомствосында.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары тұрғындарды қатты аяз кезінде алыс жолға шықпауға және сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Бұған дейін Көкшетауда аязды күні жолда қалып кеткен Тәжікстан азаматтары құтқарылғанын жазғанбыз.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы