Шымкентте қомақты көлемде пара алды деп айыпталған полиция бастығы сотталды

Сурет: Zakon.kz
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында пара алу дерегі бойынша аудандық полиция басқармасының бастығына қатысты қозғалған қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі 2026 жылы 2 ақпанда сотталушы Тұран аудандық полиция басқармасының бастығы болып жұмыс істегенін хабарлады.

"Ол осы басқарманың өндірісіндегі А. есімді азаматқа қатысты қылмыстық ісі бойынша оның айыптау бабын жеңілдетіп беру үшін өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, 6 млн теңге көлемінде пара алған. Сотталушының кінәсі куәлердің жауаптарымен, жасырын тергеу әрекеттерімен, сараптама қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді", делінген сот хабарламасында.

Сотталушы кінәсін мойындамай, сотта жауап беруден бас тартып, өзіне қатысты ақтау үкімін қабылдауды сұрады.

Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайларды анықтамады, өзінің кәсіби антын бұза отырып қылмыс жасағанын қылмыстық жауапкершілігін ауырлататын мән-жай ретінде ескерді. Сот, Т-ны ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. ҚК-нің 49-бабына сәйкес, ол арнайы шенінен айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Ресейдің Тергеу комитеті (ТК) Германияда қаза тапқан Қазақстанның бұрынғы судьясы Айгүл Сайлыбаеваға қатысты іс бойынша тексеру жұмыстарын бастағаны хабарланған.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді